Маңғыстауда тас жолға әскери жойғыш ұшақтың неге қонғаны белгілі болды

13:49, 9 сәуір 2021

© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында тас жолға әскери ұшақтың қонуына байланысты жайттың мәнісін ашып айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің батыс өңірінде "Алтын Жебе" арнайы операциялық күштерінің құрамдас бөліктерін кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты.

Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды.

Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!