Маңғыстауда шетелдік полиция қызметкеріне пара бермек болған

11:45, 5 тамыз 2020
236

Нигерия азаматы Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жүріп-тұруы және заңсыз қызметін жүзеге асыру үшін көші-қон полициясының қызметкеріне пара беруге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ротаның заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жасағының (СОРБНМ) аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, бұл факті туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына баяндады. Шетелдік ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Осыған ұқсас факт екінші полиция қызметкерімен де болды. Оған пара ретінде 200 мың теңге беруге тырысты. Полиция қызметкері бірден ақшадан бас тартып, ӨҚБ-на жүгінді. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Ж.Бақтыбаевтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін атқару барысында жедел түрде қырағылық танытып және халықтың алдында полицияның беделін көтеруге қосқан үлесі үшін полиция қызметкерлері марапатқа ұсынылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!