Маңғыстауда «Шаңырақ» бағдарламасына өтініш қабылдаудың екінші кезеңі басталды

14:45, 22 қыркүйек 2020
440

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ МОФ директоры Медет Әбуғалиев мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі "Шаңырақ" пилоттық жобасы. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды көздеген қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленді.

"17-қыркүйектен бастап, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңін басталды. Енді 1986 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта әкімдікте үй кезегіне тұрған азаматтардан өтініш қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың 3,1 бөлігін қамтиды. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс", - деді Медет Әбуғалиев.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 16 810 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 5 млрд теңгеге 374 несиелік өтініш мақұлданды. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңадан салынған үйлерден ғана алуға болады. "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін және бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін hcsbk.kz сайтынан ғана жүктеп алуға болады. Айта кетейік өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 17 қыркүйек пен 16 қазан аралығында жүреді.

Бағдарламаға қатысу үшін:

www.hcsbk.kz банк сайтындағы "Қолжетімді тұрғын үй/"Шаңырақ" пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беру;

Банк сайтында өтініш берген күннен бастап 3 күн аралығында банк қызметкерінің қоңырауын күтіп, оған жауап беру. Ол несиелендіру шарттарыны мен бағдарлама талаптарын жіті түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады;

Төлем қабілеттілігіңізді бағалау үшін құжаттарыңызды алып, банк бөлімшесіне белгіленген уақытта келу;

Займды мақұлдау жөнінде банктің оң шешімін алу;

Банк талаптарына сай, жеке құрылысшылардан жаңа тұрғын үй табу (сондай-ақ, "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдігі бар), сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасау;

Банктен заем алу.

Заемды алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында несие көлемінің 10% кем түспейтін тұрғын үй құрылыс жинағы болу керек. Әкімшілік кезегіне қай уақыттан бастап есепке тұрғаныңызды egov.kz сайты арқылы немесе жергілікті атқарушы билік органдарынан білуге болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!