Маңғыстауда «Саламат Мұқашев. Маңғыстау кезеңі» атты кітап жарық көрді

17:39, 23 мамыр 2018

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VII-XI шақырылымының депутаты болған Саламат Мұқашевтың туғанына 90 жыл. Қазақ даласының дара тұлғасын еске алып, еңбегін қалың бұқараға кеңінен таныстыру үшін Маңғыстау төрінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл туралы zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының 20 жылдығы және ақмаржан Ақтау қаласының 55 жылдығына тұспа-тұс келген кешке Саламат Мұқашұлының өмірлік жары Мәриям Сәлімгерейқызы мен ұл-қыздары және көптеген қоғам қайраткерлері қатысты.

Ғалымның көзі тірісінде қызметтес болған әріптестері мен үзеңгілес достары Мұқашұлының еңбек жолын Мақат мұнай өндіру кәсіпорнында қарапайым жұмысшы болудан бастап, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасына дейінгі қызмет атқарғанын атап өтті.

Төккен тері мен еткен еңбегінің арқасында ұзақ жылдар бойы басқарушы лауазымда жүріп, көптеген жас мамандарға өмірлік жолдама берген білікті ұстаз екіні белгілі. Қоғам қайраткерінің 90 жылдығына орай «Саламат Мұқашев. Маңғыстау кезеңі» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Жиында сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай:

«Ел үшін еңбек ету – асыл іс. Әрбір азаматтың әрқашан Тәуелсіз Қазақ Елінің қалыптасуына әрі гүлденуіне өз үлесін қосуы басты борышы».Саламат Мұқашұлы дәл осындай жауапкершілікті абыроймен атқара білген азамат. Саламат ағамыз еңбек жолын Мақат мұнай өндіру кәсіпорнында қарапайым жұмысшы болудан бастап, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасына дейінгі қызмет атқарғанын жақсы білеміз. Жетекші кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін үнемі на¬зарында ұстап, олардың көпшілігінен жо¬ғары дәрежелі басшылар шыққанына куә болды. Қазақ даласының біртуар азаматы - Саламат Мұқашұлы шығармашылық жұмыстармен де айналысты. Олай болуы да заңдылық, өйткені рухы биік тұлғаның көргені көп, тәжірибесі мол, айтары бар азамат еді. Өнегелі өмірдің таным-тағылымдарын қағаз бетіне түсіріп, ұрпаққа мирас ретінде 7 кітап қып қалдырды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!