Маңғыстауда полиция қызметкері жұмыстан қууылды

17:27, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Маңғыстау облысында полиция қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа бой алдырғаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейнеу аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкері, полиция лейтенанты А.Насихатов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа бой алдырғаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД.

Полиция бөлімінің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкері сексуалдық қысым бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін өзгеден ірі көлемде пара алғаны туралы ақпарат пайда болған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!