Маңғыстау жұрты үшін электр энергиясының тарифі өзгеріссіз қалды

15:49, 18 қаңтар 2022

© Сурет: pixabay

"Маңғыстау жарық" ЖШС электр энергиясының тарифі өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтына берген сұхбатында "Маңғыстау жарық" ЖШС-нің директоры Ермек Дәулетпақов тұрғындарына арналған электр энергиясының тарифі мен төлем алгоритмі туралы айтып берді.

"Маңғыстау жарық" ЖШС тұтынушыларының барлық санаттары үшін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясының құны өзгеріссіз қалады. ЭЖҰ тарифтері электр станцияларында энергияны сатып алу құнын ғана емес, сондай-ақ электр желілерінде беруге, және РФО-да төлеуге арналған шығындарды да қамтиды. Қолданыстағы тарифтер тұтынылатын электр энергиясының нақты өзіндік құнын өтемейді. Соған қарамастан "Маңғыстау жарық" ел Президенті жариялаған мораторий (180 күн ішінде) негізінде тарифті көтермейді."Маңғыстау Жарық" ЖШС директоры Ермек Дәулетпақов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!