Маңғыстау облысында 1 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті

15:03, 5 мамыр 2021

© Сурет: instagram

3 мамырда сағат 12:40-та Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылынан "103" пультына 1 жасқа толған нәрестенің далалық әжетханаға түсіп кеткені туралы шақырту түскен. Шақыртуға Мұнайлы ауданы жедел жәрдем бөлімшесінің дәрігерлдер бригадасы барған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бригада жеткенше әжетхананың едені бетоннан құйылған болғандықтан сол жерде ата-анасы, көршілері түрлі әдістермен нәрестені өздері шығара алмаған.

Шақыртуға бірінші болып барған жедел жәрдем бригадасы нәрестені шығару үшін әжетханның тесігіне сол жерде жүрген 10-11 жасар балаға нәрестені алып шығу керектігін түсіндіріп аяғынан ұстап әжетхананың ішіне кіргізіп, нәрестені шығарып алады және бригада нәрестені дер кезінде шығарып, тиісті медициналық жәрдемін көрсетіп, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!