Маңғыстау облысында блок-бекеттер қайта қойыла бастады

10:46, 25 маусым 2020

Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында карантин режимі мен бірқатар шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес, қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданында 2020 жылдың 25 маусымы күні сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 13 шілдесі күні сағат 07.00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізіледі, - дейі Маңғыстау облысының әкімдігіндегілер.

Атап айтқанда, Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Куләнда, Болашақ ауылдарында карантин режимі енгізіледі.

Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы мен Ақтау арасындағы жолға блок бекеттер қойылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!