Маңғыстау облысында атыс қаруынан жараланған екі жігіт қайтыс болды

17:20, 15 қаңтар 2019

Оққа ұшқан екі ер адам ауыр жарақттан көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24" телеарнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға кеше Атамекен ауылындағы дүкен жанында болған. Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті уақытпен сағат 20.10-да шақырту түседі. Кеудесіне оқ тиген ер адамдар өңірлік ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда екі күдікті "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Тағы бірнеше адам іздестірілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!