Маңғыстау облысында алғаш рет құс еті мен жұмыртқа өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталады

13:26, 20 қазан 2017
587

Азық-түліктің 80 пайызы – сырттан тасымалданатын аймақ үшін маңызды жоба.

Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде сұхбат берген облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Бекмұрат Жүсіповтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы саласында 8 миллиард теңгеге бағаланған 12 инвестициялық жоба іске асырылады. Түйе сүтін өңдейтін зауыт, ет өңдеу цехтары, жылыжай мен балық өсіру фермалары ашылады. Бұл жобалар іске қосылған жағдайда 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Мұнай мен газ игеретін өндірістік өңір алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық бермек. 

Бекмұрат Жүсіпов, облыс әкімінің орынбасары:

– Жалпы мал өнімділігін арттыру бойынша 80 млн теңгеге биыл субсидия қаралып отыр. Облыс бойынша ауылшаруашылық малдарын өсіру және өнімін өткізу бойынша қазір кооперативтер құрылуда. Бүгінгі таңда 13 кооператив қызмет жасап жатыр. Ауылшаруашылық бағытындағы жаңа да жобалар қаралуда.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!