Маминге «Алтын-Емел» және «Шарын» саябақтарын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

17:00, 20 қыркүйек 2021
100

© Сурет: primeminister.kz

17 қыркүйек ҚР Премьер-Министрі еліміздің ең ірі ұлттық парктерінің бірі – "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сапармен болды. Сапар аясында "QazaqGeography" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев пен жоба жетекшісі Жәнібек Әлкеев Премьер-Министрге Шарын шатқалында шағын сәулет нысандарын орнату бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ осы екі ұлттық парктегі инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасымен таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша "Шарын" саябағында сусыз жұмыс істейтін эко-әжетханалар, демалуға арналған жаппалар, гроталар (арнайы көлеңкелі шатырлар), келген туристерге арналған ауыз су бұрқақтары, сондай-ақ щолу алаңдары пайда болды. Дәл осындай жағдай "Алтын-Емел" саябағының аумағында да жасалатын болады, ал әзірше мұнда жануарларды бақылауға арналған байқау мұнарасы орнатылған, уақыт өте келе тағы бірнеше мұнара орнату жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, "Шарын" туристік маршрутының бір бөлігі болып табылатын "Сарайлар алқабында" енді туристерді бағдарлау үшін навигация жұмыс жасайды.

Дәл сол, "Сарайлар алқабында", "QazaqGeography" ұялы оператормен серіктестікте ұялы байланыс антенналарын орнатты. Экотуризмді дамыту және "жасыл" технологияларды пайдалану, қоршаған ортаны сақтау бойынша "QazaqGeography" міндеттерін ескере отырып, антенналарды электр қуатымен қамтамасыз ету күн батареялары және жел генераторларының көмегімен жүргізілетінін атап өткен жөн: өндірілген электр қуаты арнайы аккумуляторларда жинақталады және станцияны тәулік бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біртіндеп, біз басты мақсатымыз – ұлттық табиғи саябақтарды барынша сапалы әрі ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, табиғатымыздың бірегейлігін, тұтастығы мен тазалығын сақтай отырып, туристер үшін тартымды етуге сеніммен қадам басып келеміз. "QazaqGeography" қоғамның табиғатқа деген қатынасын жақсы жаққа өзгертуге, бүкіл халықтың ұлттық қазынасы мен ата-бабаларымыздың мұрасына деген қамқорлығын тәрбиелеуге және дарытуға ниетті. Сондай -ақ, біздің бас серіктесіміз Kaspi.kz компаниясы екенін атап өткім келеді, соның арқасында біз бұл жобаларды мемлекет қаржысын пайдаланбай жүзеге асырып жатырмыз, - деді "QazaqGeography" Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.

Премьер-Министр өз кезегінде қоғамдық бірлестіктің жұмысын жоғары бағалап, ұлттық саябақтарды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

"QazaqGeography" ҚБ бас серіктесі Kaspi.kz екенін атап өткіміз келеді. 2020 жылы QazaqGeography мен Kaspi.kz ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар қоршаған ортаны сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту, ғылымды дамыту, қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және ұлттық табиғи саябақтардың аумақтарын абаттандыру мақсатында күш біріктіруге келісті. Kaspi.kz қолдауының арқасында "QazaqGeography" бұл жобаларды бюджет қаражатын пайдаланбай жүзеге асырады.

"QazaqGeography" РҚБ – 2013 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Табиғат және қоғам туралы географиялық және сабақтас ғылымдардағы жетекші сараптамалық ұйымы болып табылады. Оның миссиясы – тарихи және мәдени мұраны сақтау мен оны танымал ету, экологияға қамқорлық жасау және табиғатты қорғау болып табылады. РҚБ-ның зерттеу, қоғамдық, ақпараттық, аймақтық және халықаралық қызметі өзін-өзі дамытуға және қоғамға қызмет етуге ынталандыру арқылы аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған.

Бірлестіктің Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 11 өңірлік өкілдігі бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір