Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады

17:47, 26 қазан 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

"Екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуде біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Екіжақты форматта қарқынды жүргізіліп жатқан сындарлы диалогпен қатар БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және АЫСШК шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл табысты дамуда", — деді А. Мамин.

Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің топ 10 елінің қатарына кіреді. ҚР мен ТР арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша $3 млрд-тан асты.

"Биылғы жылдың 8 айында екіжақты сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, $2,1 млрд құрады, ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $3,7 млрд-тан асты. Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруын талқылады", делінген primeminister.kz сайты.

Кездесуге ҚР қорғаныс министрі Н. Ермекбаев пен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов қатысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!