Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
2020 жылғы 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.
Рrimeminister.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласынан шыға берістегі "Нұр-Сұлтан – Петропавл" автожолы бойындағы №2 бақылау-өткізу бекетін аралау кезінде Үкімет басшысына елорданың карантинге жабылуы кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің бекеттегі қызметі туралы баяндалды.
А. Мамин қажет болған жағдайда стационарлық карантинді қамтамасыз ету үшін қалалық инфрақұрылым нысандарын қайта жарақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Үкімет басшысы елорда әкімдігінің, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің карантин режимі жағдайында үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Тексеру сапарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев және қорғаныс министрі Н. Ермекбаев қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 18 сәуір 2024
Еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын эвакуациялау әлі жалғасуда
-
22:42, 18 сәуір 2024
ШҚО-да есігі жоқ көлікті тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды
-
22:33, 18 сәуір 2024
Иран Израильге қарсы жүргізілген операция аяқталғанын мәлімдеді
-
21:35, 18 сәуір 2024
Бектенов: Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін Еуроодақтың қолдау бағдарламаларымен үйлестіру маңызды
-
21:29, 18 сәуір 2024
56 млн теңгенің контрабандасы бойынша күдікке ілінген ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді