Мамин мамырдан бастап көпбалалыларға пәтер үлестіре бастауды тапсырды

10:19, 19 наурыз 2019

Үкімет отырысында "Нұрлы жер" және "7-20-25" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, биыл 118 мың отбасы баспана алуы тиіс.

– Биыл 118 мың отбасы пәтер алады. Пәтерлер бюджет есебінен салынады. 118 мың отбасыны қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының көпбалалы отбасыларға және жастарға қолдау көрсету туралы екі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Оған қажетті барлық қаражат бюджетте көзделген. Ол пәтерлерді беруді бір айдың ішінде бастап кететін мүмкіндік бар. Бұл мәселені әкімдер ерекше бақылауда ұстауы керек, – деді ол.

Ал Асқар Мамин әкімдерді жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымды тарту жұмыстарын жеделдетуге шақырды.

– Тұрғын үй құрылысын дамыта беру керек. Биыл біз 13 млн шаршы метр баспананы пайдалануға енгізуіміз қажет. Әкімдер жер телімдерін бөлу, инфрақұрылымды тарту жұмыстарын жеделдетсін. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай, баспана құрылысында бірыңғай сәулет көркі сақталуы тиіс. Бұл тапсырма тек Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орындалуда. Қалған өңірлерде енді ғана орындала бастады, – деді премьер.

Мамин 1 мамырдан бастап халыққа пәтер үлестіре бастауды тапсырды.

– Баспанамен алдағы бес жылдың ішінде шамамен 6 мың көпбалалы отбасы қамтамасыз етіледі. 1-ші мамырдан бастап біз пәтерлерді үлестіруге кірісеміз, – деді Мамин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!