Мамин: АҚШ Қазақстан үшін маңызды әріптес әрі инвестор ел болып қала береді

16:15, 23 шілде 2019

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Кездесу барысында инвестициялық салада, мұнай саласында, агроөнеркәсіптік секторда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"АҚШ Штаттар Қазақстанның басты серіктестері мен инвесторларының бірі болып қала бермек", — деген ҚР Премьер-министрі 2018 жылғы қаңтардағы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп қол жеткізген уағдаластықтарды іске асырудың, сондай-ақ тиімді өзара іс-қимыл көкжиегін кеңейтудің маңыздылығын да атап өтті.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 37,3 процентке өсіп, 2,2 млрд долларды құраған. Қазақстан экономикасына құйылған америкалық инвестициялардың жалпы көлемі 44,7 процентке өсіп, 5,3 млрд долларды құрап, жаңа абсолютті рекордты орнатты.

"Инвестициялар тартып, стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларға аса қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады. Жаңа тәсілдер америкалық серіктестер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды", — деді Мамин.

Перспективалы экспортқа бағдарланған салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін тиімді шешу үшін тікелей шетелдік инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі және Тікелей шетелдік инвестициялар қоры құрылды.

ҚР Премьер-министрі америкалық ірі компаниялардың агроөнеркәсіптік сектордағы жобаларын жүзеге асырудың преспективаларын атап өтті және өңір нарықтарына шығумен Қазақстан аумағында өндірісті ұйымдастырудың мүмкіндігіне тоқталды.

Өз кезегінде, Уильям Мозер инвестициялық ахуалды жақсарту тәсілдерін жоғары бағалап, америкалық тараптың ынтымақтастықты қолданыстағы форматта жалғастыруға дайын екенін жеткізді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!