Майк Помпео еліміздің коронавируспен күресіне күмән келтірді

10:57, 17 ақпан 2020

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның коронавируспен күресіне күмән келтірді. Майк Помпео қарызға ақша беруге әзір екенін мәлімдеген. Бірақ еліміздің бас дәрігері вирусқа қарсы вакцина жасауға "қауқарымыз жетеді" деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Халықты қатерлі індеттен сақтауға ғалымдарымыз дайын отыр, - дейді Елжан Біртанов.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:

- Білім және ғылым министрлігі және оған қарайтын ғылыми орталықтар вакцинаны дайындауға әзір. Елімізде екпе жасауға мол тәжірибе бар. Жалпы, вакцинаны дайындау - қиын технологиялық процесс. Сондықтан екпе жасауға өзге елдің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін ойластырып жатырмыз. Қазақстан инфекцияға қарсы вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартымен жасады.

Қазақстандық мамандар коронавирусті анықтайтын тесттің тиімділігін де байқапты. Қазынадан аталмыш тест жасауға және дәрі-дәрмек, диагностикалық технологиялар сатып алуға 3 жарым миллиард теңге бөлінген.

Айта кетелік, қытайлық дәрігерлер коронавирусты емдеудің жаңа түрін ойлап тауыпты. Олар қатерлі індетке шалдыққандарға плазма құю әдісін қолдана бастаған. Ал соңғы деректерге сүйенсек, қатерлі індеттен 1448 адам көз жұмған. Әлем бойынша ауруды жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!