Махамбет Әбжан мен жәбірленуші арасында болған сөздің аудио жазбасы жарияланды

19:35, 3 ақпан 2023
199

© Сурет: видеодан алынды

Антикор жәбірленушіден ақша бопсалау сәтінің аудио және видео жазбаларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство бұған дейін Әбжанның екі рет сотты болғанын, сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылығы жойылмағанын еске салады. 

2022 жылдың 3 шілдеде елордадағы Astana Tower бизнес орталығы алдында блогер әрі журналист М. Әбжан 50 миллион теңге алу кезінде ұсталды. Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды. Осылайша ол 9 жылға сотталды.

Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!