Мағзұм Мырзағалиев азық-түлікке айына қанша жұмсайды?

14:50, 18 қараша 2021
462

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстанның Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өз отбасының азық-түлік сатып алуға айына қанша қаражат жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неліктен бұл сұрақ журналистердің қызығушылығын тудыратынын білмеймін. Шын мәнінде, менің ойымша, біз де жұртпен бірдей сияқты өмір сүреміз. Менің отбасым кез келген отбасы сияқты жұмсайды. Әрине, 50 мың теңге жетпейді. Біз айына 200 мың теңге жұмсаймыз, - деді Мағзұм Мырзағалиев Сенат қабырғасында.

Айта кету керек, министрдің отбасы үлкен, бес баласы бар.

3 қарашада Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жаңа жылға қарай Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай болатынын айтты.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!