Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды

17:30, 30 қыркүйек 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілін тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда сайтында.

Ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!