MADMEN тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

17:28, 23 сәуір 2021
411

© Сурет: polisia.kz

Алматыда ұсталған есірткі сатушылар арасында танымал Q-pop орындаушылары – MADMEN тобының мүшелері болғаны белгілі. Енді олардың қанша жылға түрмеге кетуі мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы полиция департаменті қазір оларға қатысты қамау шарасы қабылданғанын, істің Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және сату) қаралып жатқанын хабарлады. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, онда олар мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық іске ұнтақ пен кесек түріндегі заттар тіркелгені белгілі болды. Ұсталғандардың айтуынша, ол "мефедрон" деген есірткі. Ұсталғандардың бәрі уақытша қамауда отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!