Латын әліпбиі қазақты мәдени мұрасынан айырады

11:38, 20 қараша 2019

Әлем тілдерінің ешқайсысы графикасын ауыстырмаған! "Екінші сорттағы" тілдер әліпбиін ауыстырған, дейді желіде тіл маманы Дастан Елдесов.

- Ататүрік өлер шағында әліпбидің ауысқанын орны толмас қателік деп кеткен. КСРО мен Түркияда графиканы өзгертуге тіл мәселесі емес, саяси және идеологиялық мәселе себеп болған. Графиканың кез-келген өзгерісі мәдени мұраны жоқ қылады, жазба әдебиетінің сабақтастығын үзеді.

Латын әріптері прогресске әкелетін болса – онда орыс, грузин, армян тілдері неге оған көшпеген? Себебі қарапайым – бұл тілдердегі мәдени мұра жойылады. Орыс тілінде I-ші Петр дәуірінен де ерте заманның жазбаларын оқуға болады.

Қазақтың қазіргі әріптерімен соңғы 80 жылда сансыз кітап жазылған! Жылдар бойы бүкіл республика бойынша кітапхана қорлары құрылды, кітапхана деген тіпті айдаладағы ауылдарда да болған. Елдің кітапхана қоры 300 млн данаға жетеді, - деп жазады ол.

Латын әріптері қазақ тілінің жағайын жақсартпайды, білім деңгейін көтермейді, ағылшын тілін үйретпейді.

- Орыс тілі – кодталған. Сол себепті компьютерде тергенде қате терілген сөздер көрініп тұрады, орыс тіліндегі мәтін шет тілдеріне жылдам әрі нақты аударыла алады, google кез-келген тақырыпта кең ақпарат бере алады. Ал қазақ тілі кодталмаған (нормалары жасалмаған) тіл, сол себепті мемлекеттік тіл ретінде көптеген функцияларды орындай алмай отыр, - дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!