Қызына ұзату ұйымдастырған әкеге айыппұл салынды
Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған қызылордалық жауапқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемді дүрліктірген коронавируске байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес, полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ерекше режимде күндіз-түні жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу, жалған ақпараттар таратып, халықты дүрбелеңге салу сынды әрекеттерге барып жатқан азаматтар саны азаяр емес.
Бұған дәлел ретінде 27 наурыз күні төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспай той өтіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады. Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексеруге кірісті.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды. Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:32, 24 сәуір 2024
Дэвид Кэмерон қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
-
20:23, 24 сәуір 2024
Британ саясаткері Лондонның Астанамен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады
-
19:58, 24 сәуір 2024
Александр Шевченко Мадридтегі турнирдің екінші айналымында Карлос Алькараспен ойнайды
-
19:40, 24 сәуір 2024
Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді
-
19:32, 24 сәуір 2024
Астана полициясы ТМД елдерінде іздеуде жүрген 4 қылмыскерді ұстады