Қызылордалық жас ғалым: Елбасы мақаласы - жәдігерліктің жеті тарауы

18:07, 21 қараша 2018
778

Қызылордалық жас археолог ғалым Әзілхан Тәжекеев Елбасының мақаласында айтылған тарихи жәдігерлерге қатысты ойларын жүзеге асыру – өскелең ұрпаққа тарихымызды танытудың бір жолы деп біледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" деп аталатын мақаласы 2004-2015 жылдар аралығында жүзеге асқан "Мәдени мұра" бағдарламасының қорытындысы сияқты. Себебі, "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында ұлт тарихына қатысты көптеген материал жинақталды. Соның ішінде бір бағыты – археологиялық зерттеулер. Бұл сала бойынша біздің көне заманнан бастап орта ғасырға дейінгі қалаларға қазба жұмыстары жүрді және сол материалдарды қорыта отырып, Елбасы ұлттық тарихымыз қай бағытта жазылу керектігінің 7 тарауын көрсетіп берді. Біздің бесмыңжылдық тарихымыз Елбасы мақаласында "Атқа міну мәдениеті" тарауында көрсетіледі. Ботай мәдениетінде аттың тұңғыш рет қолға үйретілгендігі, жылқының қымызы мен етін пайдаланғандығын дәлелдейтін деректер шыққан болатын. Айта кетелік, Ботай мәдениеті- Еуразия кеңістігіндегі ең көне мәдениеттердің бірі. Онда 150 мыңға жуық жылқының сүйегі, аттың қолға үйретілгенін дәлелдейтін ауыздық, ер-тұрманның түрлері табылып отыр, - дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Археология және этнография" ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев.

Елбасы мақалада алтын адам, металлургияның дамуы, Ұлы Жібек жолы, түркі кезеңі тарауларында тарихты қай қырынан көрсету, өзіміздің өлке, еліміздің тарихы тәуелсіздік жылдарында қалай жазылу керектігін де бағыттап беріп отыр. Сондықтан бұл мақала әрбір азаматқа ой салуы керек деп санайды жас ғалым.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!