Қызылордалық 35 кәсіпкердің Германияда тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар

14:27, 31 қазан 2018

«Бизнестің жол картасы» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» құралы қолданылады. Осы уақытқа дейін аталмыш құралдың оқу курстары тек қана Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды қалаларында ғана ұйымдастырылып келген деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдан бастап жергілікті кәсіпкерлер тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты оқу курстары Қызылорда да ұйымдастырылып жатыр. Оған облыстан 35 адам қатысып, бірінші кезеңнен сәтті өткендігі туралы сертификаттарын алды.

«Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңінде қатысушылар үш апта тікелей аудиторияда тренингтер мен онлайн-вебинар түрінде дәріс алды, іскерлік салаға қатысты қажетті тақырыптар қарастырып, бизнес-жоспарлар дайындады.

Ендігі олар екінші кезеңге қатысу үшін құжаттар жинақтауда. Екінші кезеңге өткен азаматтар желтоқсан айында арнайы құрылған Қазақстан-Германиялық комиссия алдында әзірлеген бизнес-жоспарларын қорғайды.

Облыстық кәсіпкерлер Палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжаннның айтуы бойынша, барлық шығындар мемлекет есебінен төленеді. Қатысушы тарапынан болатын шығын тек Қызылордадан Алматыға немесе Астанаға дейінгі және кері қарайғы жол шығынын құрайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!