Қызылордалық кәсіпкер жүгеріден сусын шығара бастады

12:03, 16 сәуір 2019

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Әбжаппар Қасымов жүгеріден сусын шығару ісін жолға қойды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Қазақ тағамтану академиясы бұл сусынның емдік қасиеті барын дәлелдеген. Құтыларға құйылып, еліміздің әр өңіріне жол тартқан бұл өнімнің жасалу әдісі көнеден келе жатқан қазақ халқының күнделікті тыныс-тіршілігіндегі жүгері көжеге ұқсас. Тың жобаны қолға алған кәсіпкер бұған дейін жүгері шаруашылығын дамытты. Кейін одан сусын шығаруды жоспарлап, 3 миллион теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы да жеңіл пайызды несие алып, шағын цехты іске қосты.

- Күнделікті нормасы 1,5 тонна өндіруге келеді осы цехтың өзі. Енді алда соған жақындап келе жатырмыз. Қазір шамамен 1 тоннаға жуықтап қалды. Қазір 6 адам тұрақты жұмыс істейді, - дейді кәсіпкер Әбжаппар Қасымов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!