Қызылордада көктайғақ салдарынан 78 адам медициналық көмекке жүгінді

09:58, 21 ақпан 2018
320

Қызылордада орын алған көктайғаққа байланысты 78 адам облыстық медициналық орталықтың қабылдау бөліміне жүгінді, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз жетекшісі Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, 4 адамның миы шайқалған, олар қазір орталық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, 4 адам сынық жарақат алғандар бөліміне жатқызылған. Орталыққа кеше кешкі сегізден таңға дейін 78 адам жүгінген. Олардың көбіне алғашқы көмек көрсетіліпті.

Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Тәулік ішінде осынша адам медициналық көмекке мұқтаж болды. Бүгінде қала көшелерін тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!