Қызылордада қарақұрт шаққан сәби жансақтау бөлімінде жатыр

14:09, 13 шілде 2018
2287

Облыстық ауруханаға қарақұрт шаққан екі ересек адам мен бір сәби ауруханаға түсті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ауа райы ыстық болғандықтан, улы жәндіктер, соның ішінде қарақұрттың белсенділігі артты.

Қарақұрт шағып алған жер бастапқыда ауырмайды және ешқандай жағымсыз әсері байқалмайды. Ол шаққан орын қызарып қалады және бірден жоғалып кетеді. Арада 15-30 минут өткеннен кейін адамның іші, белі және кеуде тұсы ауырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!