Қызылордада ерекше қауіпті қылмыскер ұсталды

13:48, 18 маусым 2021
260

© Сурет: видеодан алынды

Қызылорда облысында ерекше қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

34 жастағы ер адам кісі өлтірді деп айыпталады.

2018 жылдың күзінде Қызылордада Яссауи мен Бөкей Хан - орталық көшелерінің қиылысында HELIOS жанар-жағармай құю бекетіне қарсы бетінде түскі уақытта астаналық тұрғынды Toyota Land Cruiser Prado көлігінен атылған оқ сұлатып түсірді. Желтоқсан айында полиция күдіктіні анықтады, бірақ ол қашып кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Іздеуде жүрген адам облыс орталығында, таңертең туыстарының жеке үйінде ұсталды.

Ұстау кезінде ол тағы да қашуға тырысып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Кісі өлтіруге күдікті Алматы, Алматы облыстарында жалға берілген үйлерде жасырынып келген. Ал байланысқа шығу үшін виртуалды телефон нөмірлерін пайдаланып, оны үнемі өзгертіп отырған, - деп толықтырды полициядағылар.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!