Қызылордада ер адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдықты
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу диагнозымен 58 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Науқас емдеу орнына ауыр халде жеткізілген.
«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде Конго-Қырым қанды безгеніне шалдығу жағдайы тіркелді. Науқастың диагнозы зертханалық жолмен нақтыланды. Қазіргі таңда ол Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда», - деп мәлім етті облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.
Атап өтілгендей, науқас мал шаруашылығымен айналысады. Осыған орай, эпидемиолог мамандар қора-қопсыдағы төрт түлікті тексерген. Нәтижесінде сиырдан бірнеше кене табылған. Лабораториялық зерттеуден кейін ол улы жәндік екені анықталды.
«Ауру ошағында індетке қарсы және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені толығымен орындалуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 19 адам тіркеліп, олардың арасында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігі анықталған жоқ. Кене шағу жағдайы орын алғанда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Көмекке ерте жүгіну арқылы аурудың асқынуын болдырмауға болады», - делінген департамент хабарламасында.
Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі Жаңақорған ауданында биыл екінші рет тіркелді.
Биылғы тамыз айында осы ауданда 38 жастағы әйел аталмыш диагноздан қайтыс болған еді. Сондай-ақ Сыр өңірінде кене шағу қаупі жоғары елді мекендер саны өткен жылға қарағанда 10 ауылға көбейген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды