«Қызылорда су жүйесі» МКК-ы әкімшілік жауапқа тартылды

10:43, 13 тамыз 2020

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Қызылорда су жүйесі" МКК-на қатысты 2 әкімшілік өндірістер қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Субъектіге қатысты "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтамағаны, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін шара қолданды.

Нәтижесінде, "Қызылорда су жүйесі" МКК-ны Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының бесінші бөлігімен жалпы сомасы 17,5 млн.теңгеге айыппұл салынуымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта, Департаменттің әкімшілік айыппұлды салу туралы қаулылары заңды күшіне енген жоқ және субъект осы қаулыларға шағым беруге құқылы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!