Қызылорда облысының әкімі ұсталды

12:38, 27 наурыз 2020
994

27 наурызда ақпарат құралдарында Қызылорда облысының әкімі ұсталғаны туралы дерек тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кей дереккөздердің хабарлауынша, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық үшін ұстады, - деп Ербол Еділов өзінің Telegram каналында атап өтті. Оның орынбасары мен туыстары да қамауға алынды.

Оның орынбасары Марат Делмұханов және әкімнің туыстары, бизнесмендер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов та ұсталды делінеді.

Қуанышбек Ысқақов бұл қызметке 2019 жылдың 28 маусымында келген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!