Қызылорда облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мақсатында шаралар қолға алынуда

17:41, 9 қараша 2018

Өңірдегі қайта өңдеу саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер белсенділігі артып келеді деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша zakon.kz тілшісі.

Қызылордадағы «Ыбырайхан и К-ЛТД» компаниясы тұрмыстық қатты қалдықтардан шатыр жамылғысын және жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер жасап шығаруда. «Эко-Н Сервис» және «ТемірЖас Group» жауакершілігі шектеулі серіктестіктері істен шыққан, құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруды жүзеге асырып келеді.

«Smart Rubber» ЖШС-і тозған автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығару өндірісін жолға қойған. Мұнда жарамсыз дөңгелек бірнеше сатылы өңдеуден өткеннен кейін ұнтаққа айналады. Оған полиэтилен ұнтағы қосылып, екі қоспадан дайын өнім – жер асты суару түтігі шығарылады.

Қармақшы ауданындағы «СтройСервис» серіктестігі аудан тұрғындарынан және көрші аудандардан полиэтилен пакеттерді қабылдап, пластмасса труба шығаруды жоспарлап отыр. Қазалы ауданындағы полигонды сенімгерлік басқаруға алған «Қазалы Көркем-Сервис» ЖШС де 10 мыңға жуық макулатура қалдықтарын пресстеп, Шымкент қаласына жөнелтуге кірісуде.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктейтін кешен мен полигон салыну жоспарланған. Ол үшін облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!