Қызылорда облысында сумен жабдықтауға 3 млрд теңге бөлінді

18:31, 19 қазан 2018

Қызылорда облысында 2018 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 14 жобаға 3,0 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, сумен қамту бойынша 8 жоба, Қызылорда қаласының кәріз жүйелері бойынша 5 жоба және Жаңақорған ауданың сумен қамту бойынша 1 жоба. Бұл туралы Zakon.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жобалар аяқталған кезде 72 шақырым ауыз су жүйелері 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылатын болады.

Одан бөлек биылғы жылы "2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Жалағаш ауданы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендері) құрылысын аяқтау үшін 527 млн. теңге бөлінді.

Қосымша республикалық және облыстық бюджеттен жаңа 16 құрылыс жобаларға 2,1 млрд. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, осы жылы облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысын жалғастыру үшін 350 млн. теңге бөлінді. Қаржы толығымен игерілді, 12,3 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!