Қызылорда облысында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы ауысты

14:03, 21 қазан 2020
97

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Рафхат Бисенов Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бисенов Рафхат Төлеуғалиұлы бұған дейін Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Р. Бисенов 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің "Қазақстан тарихы" мамандығын, 2014 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 15 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында - 9 жылға жуық.

Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2005 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы алғашқы лауазымы – Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы қызметіне келген.
2006-2007 жылдары аталған бөлімде бас маман, 2007-2012 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы, консультант-инспекторы, одан кейінгі жылдары департаментте бөлім басшысы, басқарма басшысы болған. Меритократия қағидатына сәйкес департаменттегі барлық қызмет сатысынан өткен Рафхат Бисенов 2016 жылдан бастап осы кезге дейін аталған департамент басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір