Қызылорда облысында коронавирустан екі науқас көз жұмды

09:48, 25 маусым 2020

Қызылорда облысында коронавирустан екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

КВИ-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметі бойынша, марқұмдар - 1956 жылғы ер адам және 1960 жылғы әйел.

Тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасындағы өлімді зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада. ⠀

Қазақстанда КВИ бойынша тіркелген кісі өлімінің жалпы саны - 136.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!