Қызылорда облысында 700-ге жуық қой өртеніп кетті

13:13, 22 қазан 2020
649

Қызылорда облысының Жаңақорған ауылында жайылып жүрген 700-ге жуық ұсақ мал өрттен қырылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды»,– деген хабарлама таратты ресми органның өкілі. Ақпаратқа сүйенсек, өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртенген. Сондай-ақ күйіп қалғандары да бар. «Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде", – деп жазылған хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!