Қызылорда облысында Covid-19 жұқтырған 3 адам туралы ақпарат

14:03, 8 сәуір 2020

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Сырдария ауданы Амангелді ауылында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

08.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 72 адам анықталды:

Қызылорда қаласында – 9 адам,

Жаңақорған ауданында – 16,

Қармақшыда – 4,

Шиеліде – 35,

Сырдария ауданында – 7,

Арал ауданында – 1.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!