Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы» аясында 1332 жоба қаржыландырылған

20:16, 16 қазан 2018
447

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Қызылорда қаласы әкімдігі ұйымдастырған Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған активте мәлімдеді.

«Бизнестің жол картасы» қабылданған 2010 жылдан бері біздің облысымызда жалпы құны 55,73 млрд.теңгені құрайтын 1332 жоба мақұлданған. Оның ішінде осы жылдың өзінде жалпы құны 4,1 млдр.теңгені құрайтын 335 жоба қаржыландырылып отыр. Бағдарлама қабылданған 8 жылдың ішінде 9081 жұмыс орны сақталып, жаңадан 4446 жаңа жұмыс орны ашылды», - дейді Палата басшысы өз хабарламасында.

Мұнан өзге, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздардың, жастардың, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға биылғы жылдың өзінде жалпы сомасы 200 млн.теңге құрайтын 224 мемлекеттік грант бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2020 жылдар Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы болып жарияланды. Жыл басында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Оған барлық көздерден 32 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында үлгілі бизнес-жоспарлар, нақты алгоритмдер, әрбір 264 елді мекенге жауапты лауазымды тұлғалар (кураторлар) бекітілді.

Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, өңірде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасы шеңберінде де жалпы соммасы 97,4 млн.теңге құрайтын 405 мемлекеттік грант беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өтеусіз грант есебінен жыл соңына дейін 1005 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Кәсіпкерлердің алған несиелерінің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға 900,2 млн.теңге бөлінген. Жыл басынан бері 4,1 млрд. теңгені құрайтын 83 жоба мақұлданып, субсидия қарастырылды. Жыл соңына дейін кемінде 10 млрд.теңге несиені субсидиялау көзделуде.

Өңірде кәсіпкерлерге қолдау көрсету тек қаржылай қолдаумен шектеліп қалып жатқан жоқ. Кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Бастау» және «Бизнес-кеңесші» жобалары іске асырылуда. Бұл жобаларға тұрғындар тарапынан қызығушылық бар. Осы жобалар шеңберінде екі жыл ішінде 5063 адам оқу оқып, өз істерін ашуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!