Қызылорда қаласындағы сауналардың бірінен казино табылды

15:48, 15 қаңтар 2018
386

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, заңсыз ойын орны анықталды, деп жазады syrboyi.kz.

Казино Қызылорда қаласының сауналарының бірінен табылды, анықтау барысында онда 532 000 теңге, 600 АҚШ доллары, покер үстелі мен фишкалар және ойын картасы айналымнан алынды.

Аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық, сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапқа тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!