Қызыл Крест президенті Тоқаевты «Жусан» операциясының сәтті өтуімен құттықтады

10:33, 6 желтоқсан 2019
167

Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған.

– Осындай күрделі мәселелерді шешу ісінде Қазақстанның "Жусан" операциясын табысты жалғастырып отырғаны бүкіл әлемге үлгі болуы тиіс, – деп жазған қайырымдылық ұйымының басшысы.

Петер Маурердің хатында репатриация және реинтеграция мәселелерінде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ықпалдастықты нығайту, қақтығыс аймағынан оралған отбасы мүшелерін қауыштыру және адамдарға психологиялық қолдау көрсету қажеттігі айтылған.

– Халықаралық Қызыл Крест комитеті өз мандаты аясында және гуманитарлық мақсатта Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсетуге дайын. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысы бар ұсталған адамдармен жолығып, пікір алмасуға қуанышты болар едік. Біз Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларында аталған күрделі мәселе жөнінде тәжірибе алмасу үшін осындай проблемаға тап болған басқа елдердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды ұсынамыз, – деп жазылған Маурердің хатында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!