«Қызыл аймаққа» қайта кірді: Павлодар облысында жаңа шектеулер

21:40, 18 қаңтар 2021
271

Павлодар облысында соңғы тәулікте коронавирустың 155 жаңа жағдайы тіркелді. 17 қаңтарда Павлодар облысы "қызыл аймақтар" қатарына қайта енген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бірқатар шектеу шараларын қарастыратын жаңа Қаулыға қол қойды:

- Қоғамдық тамақтану орындары, кафелер мен мейрамханалар таңғы 9.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, жеткізіліммен кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

- Бассейн, сауна және СПА орталықтары жұмыс күндері 8.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ сенбі, жексенбі күндері қызметтері тоқтатылады. Спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарының да қызметі сенбі, жексенбі күндері тоқтатылатын болады.

- Ашық ауадағы және жабық азық-түлік және тұрмыстық заттар базарлары сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері 19.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сауда - ойын-сауық ортақтары мен сауда үйлерінің қызметі жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін жүргізіледі, ал сенбі және жексенбі күндері қызметі толық тоқтатылады. Азық-түлік емес дүкендердің сенбі және жексенбі күндері қызметі шектеледі.

- Сенбі мен жексенбі күндері қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Сонымен қатар, Кеңселер ұжымдарының қызметкерлерінің 80% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады

Қаулы 2021 жылғы 20 қаңтарда сағат 00:00-де күшіне енеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!