Қыздар Университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа пәндер енгізілді

12:35, 20 тамыз 2018

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын білім және ғылым үрдісіне енгізу мақсатында 6 элективті пән енгізілді. Бұл туралы zakon.kz оқу орнының ресми өкілі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, барлық мамандыққа «Ұлы Дала тарихы» кешенді пәні, география мамандығына – «Өлкетану», «Шоқан Уәлихановтың географиялық зерттеулері», туризм мамандығына – «Туристік елтану», «Қазақстанның туристік орталықтарының географиясы», филология, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына – «Латын графикасы және қазақ жазуы», орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына – «Искусство и литература» пәндері енгізілді.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың басты тетіктерінің бірі – оқу үдерісі екені белгілі. Осыған орай, аталған бастаманы қолға алдық. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында еліміздегі жоғары оқу орындары да лайықты қызмет атқаруда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты бағыты бойынша Қыздар Университетінің құрылымдық бөлімшелері мен атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін Жобалық кеңсе ашылды. Университет факультеттері өз қызметтерін жобалық негізде ұйымдастырады, – деп атап өтті Жандар Асан.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!