Қыздар да қырылысты. Гәккудің тегін концерті төбелеспен аяқталды

13:09, 16 қыркүйек 2019

Алматыда төбелесіп жатқан бір топ жігіттер мен қыздарды біреулер видеоға түсіріп үлгеріпті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде пайда болды. 15-20-адамдай бір топ жастар жаға жыртысуда, арасында қыздар да жағаласып жүр. Бұл оқиға Гаккудің концертінен кейін болған дейді видео авторлары.

- Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері 102 пультіне төбелес туралы ешқандай хабар түскен жоқ. Ал әлеуметтік желілерде тараған осы видеоға байланысты қазір Алмалы ауданының полиция бөлімі тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деген түсініктеме берді қалалық ПД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!