Қытайдағы WeChat секілді «Казчатқа» қарап қалмайық

14:42, 16 қыркүйек 2021
217

© Сурет: Ruslan Pryanikov

Егер Қазақстанның әлеуметтік желілерді шектейтіні шын болса, бұл енді сұмдық, деп сөйлеген екен YouTube-те белсенді боп жүрген Серікжан Біләш.

Оның ойынша, Қазақстандағы шектеу Қытайдың технологиясымен жасалуы мүмкін.

– Қазақстан қай өнерімен әлемге әйгілі www, YouTube, гугл мен twitter-ді шектей алады? Оның бәрі қытайдың технологиясы. Алып келеді де сервер қояды. Басқан-тұрғаның жүргенің, тіпті жас жігіттер қыз-келіншектермен әзілдескенің, жеңгелеріміздің телефонда айтқан халал өсектерің – соның бәрі серверге жазылып, кез-келген уақытта соттауға, барымталауға, бопсалауға қолданады енді, – дейді ол.

Желіні жапса, не болады?

– Барлық жамандықтың артында бір жақсылық болады. Қазақ халқы да 72 жыл бойы коммунистік езгіде жатқан Қытай халқы сияқты, менің қытай халқына ешқандай өшпенділігім жоқ. Керісінше, жаным ашиды, оларды коммунистер барымталап, құлдықта ұстап отыр, діни наным-сенім бостандығы жоқ. Баспасөзде сөйлеу бостандығы жоқ. Азаматтық қоғам қалыптастыру бостандығы жоқ. Бүкіл басқан-тұрғаны, жүргені, ішкені тұтас бақылауда. Қазақстанда да 70 жыл советтік, сатанистік-маркстік дара билеушілікте әбден езгіде болдық, қанша мәрте қырылдық, қылт еткеннің басын шауып, игі-жақсының бәрін қырғызып алған бейшара халықпыз. Отыз жылдық дара билеушілікте те ән мен күйге әдейі уландырылып, саяси сауаттан жұрдай болып, халық әбден мәңгүрттенді. Халықтың саяси сауаты енді ашылып келе жатыр еді, ойбай, алтын таудың үстінде отырып неге аш отырмыз дей бастап еді, енді халық балаларын Еуропа-Америкаға жіберіп, көзін ашып, е деп, өздерінің сорлы, бақытсыз халық екенін біліп жатыр еді – дәл сол кезде коронавирус ұрды. Халық күнде көшеге шығып, дара билеушілердің үрейі ұшып, чемодандарын буып-түйіп, қашуға дайын тұрған сәтінде көктен тілеген коронавирусты жерден беріп, "ойбай карантин де карантин" деп, халықты қуып-тығып ұстап отырды. Одан кейін қымбатшылық, құрғақшылық пен жоқшылық басталды. Енді ашынған халық қазақ үшін болмаса да қарны үшін көшеге шығуы мүмкін еді. Халық коронадан да қорықпайтын болған соң желіні жауып, Қытайдың WeChat-ы сияқты казчат ашып қояды. Одан не қойдыңыз, не сөйледіңіз, кімге қоңырау шалдыңыз, кіммен әзілдестіңіз – бәрі бақылауда тұрады. Қысқасы, отырсаң опақ, тұрсаң сопақ боп, басқан ізіңді аңдып. Көрнекіні, көкейдегі ойды білетін Құдай ғана ғой. Құдай болып, бүкіл көкейдегі ойыңды, басқан-тұрған ізіңді білейін деп біреулер өзін Құдайдың орнына қоюы мүмкін, – деген екен Серікжан Біләш.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!