Қытай Олимпиада спортшылары үшін covid-19-ға сынама тапсыру ережесін жеңілдетті

17:57, 26 қаңтар 2022

© Сурет: pixabay

Бейжің Олимпиада ойындарына қатысушылар үшін covid-19-ға сынама тапсыру талаптарын жеңілдетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа ереже бойынша сынамасы оң нәтиже көрсеткендер екі рет сынама тапсырып, онысы теріс болып шықса, турнирге қатыса алады.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандар үшін карантин 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.

Сынама оң болып саналатын цикл шегінің стандарты 40-тан 35-ке төмендетілді.

Бейжіңде ұйымдастырылатын Қысқы олимпиада ойындары қатаң шектеулермен өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!