Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін бір топ дәрігерін жібереді

19:41, 7 сәуір 2020
971

Қытай ҚазақстанғаCOVID-19 вирусымен күресуде қолдау көрсету үшін дәрігерлерін жібереді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, делегация құрамында коронавирус инфекциясының алдын-алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер болады.

Мамандар консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді. Медициналық топ құрамында келесі мамандықтар бойынша үш маманнан болады: пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық-денсаулық сақтау саласы және т.б. Қытайдан дәрігерлерді алып келу үшін сәуір айының басында арнайы Нұр-Сұлтаннан ұшақ шығару жайы ұйымдастырылады.

Шетелдік дәрігерлер 9 сәуірде келеді деп жоспарланған, делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші жүгі келеді деп күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!