Қытай ғарышкерлері жарты жылдан кейін Жерге оралды

11:29, 5 желтоқсан 2022

© Сурет: pixabay

Чен Донг командир мен Лю Ян және Цай Сючже есімді екі ғарышкер Қытайдың солтүстігіндегі Гоби шөліндегі қону алаңына капсуламен қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғарышкерлер ғарышта алты ай болды. Олар "Тяньгун" станциясының құрылысы аяқталар шақта барды.

Дәрігерлер ғарышкерлерді қонғаннан кейін 40 минуттай капсуладан алып шықты, олар көтеріңкі көңіл-күймен шықты.

"Мен ғарышта Қытай ғарыш станциясының негізгі құрылысының аяқталу сәтінің куәсі болғаныма бақыттымын". Чен Донг

Ғарышкерлер станцияда бірқатар тәжірибе жүргізді, сонымен қатар ашық ғарышқа үш рет шықты.

"Тяньгун"— Қытай Халық Республикасының басқарылатын көпмодульді орбиталық станциясы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!