Қырғызстаннан шекара арқылы елімізге жылқы айдап кіргізудің жолы кесілді

11:22, 19 сәуір 2018

Жамбыл облысында қырғыз елінен заңсыз жылқы айдап өтпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға «Гродеково» шекара заставасының аумағында түнгі уақытта болған. Белгісіз біреулер 115 бас жылқыны Қазақстанға өткізу үшін мемлекеттік шекараны бұзған. Малды айдап өту әрекеті кезінде қылмыскерлер шекарашыларды байқап, көрші елдің аумағына жасырынып қалған. Әскерилердің айтуынша, олар мұндай әрекетке жеңіл жолмен пайда тапқысы келгендіктен баратын көрінеді. Бүгінде өңірде шекара қатаң бақылауға алынғанымен оны бұзу дерегі тыйылмай тұр. Өткен жылы осындай 10 дерек тіркелген. Ал биыл жыл басынан 5 оқиға анықталып, 170 бас жылқы малы тәркіленді. Қораға қамалған жылқылар бірінші кезекте ветеринарлық тексерістен өткізіледі.

- Егерде құжаттарды ресми түрде рәсімдесе, бұл оларға тиімсіз болады. Сондықтан шекарадан заңсыз асып өту - негізгі мақсат. Мал айдалып өтілді. Бұл азаматтар малды тоқтату барысында қашып үлгерді. Сондықтан біз қару қолданып үлгермедік. Қылмыстық іс қозғалады, - деді 2035-әскери бөлімінің ресми өкілі Санат Кусаинов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!