Қырғызстаннан Қазақстан аумағына заңсыз жолмен автокөлік дөңгелектері өткізілмек болған

13:00, 20 қазан 2017
525

Контейнерге 1 мың 300-ден астам дөңгелек салынған.

Кеденшілердің айтуынша, құжатта бұл тауар көрсетілмеген. Дөңгелектердің жалпы салмағы – 13 тоннаға жуық. Дәл осындай жолмен елімізге Қырғызстаннан 2 контейнер толы немесе 3 тонна 722 келі шәй импортталмақ болған. Алтынкөл шекара бекетінен заңсыз тасымалданған келесі тауар – шұлық. Оның салмағы – 3 жарым тонна. Шұлықтар сатылған жағдайда кәсіпкер 12 млн теңгеге жуық табысқа кенелетін еді. Жоғарыда аталған үш дерек бойынша тиісті шара қолға алынды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!