Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қаскөй Алматыда ұсталды

16:45, 13 мамыр 2021
320

© Сурет: Facebook Рустам Абдрахманов

Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

3 сәуірде қырғызстандық БАҚ Бішкектегі Құдайберген базарында 1988 жылғы Артур Богдановтың өлтірілгені туралы хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1989 жылғы марқұмның досы Николай Алексеевке іздеу жарияланды. Тергеу мәліметтері бойынша, достар арасында өзара сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан, күдікті Алексеев Богдановқа пышақ салған.

Бүгін, 13 мамырда полиция басқармасы бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов Богдановтың Алматыда ұсталғанын айтты.

On-line режимде күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде азамат А. ұсталып, Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ол күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетінін атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!